Ақсуда талантты ұстаздар анықталды
Байқау қалалық деңгейде өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау мақсатында Ақсу қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Дарынды балаларға мұғалім – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі ұйымдастырылды.
– Байқау педагогикалық мамандықтың беделін арттыруға, жас педагогтарды оқу-тәрбие процесінде инновацияларды іздеуге, ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ, эксперименттік және инновациялық жұмыста кәсіби батылдық пен дербестікті дамытуға арналған, – деді бөлімде.
Қалалық кезең қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орынды М. Қабылбеков орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айнара Әбенова, екінші орынды Алтынсарин орта мектебінің мұғалімі Баймұрат Ерденбек, №7 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Владимира Трушина иеленді.
Сонымен қатар, сараптамалық комиссиялардың шешімі бойынша екінші облыстық кезеңге Қабылбеков орта мектебінің, Алтынсарин орта мектебі мен №7 орта мектеп жүлдегерлері жолдама алды.
Алдағы уақытта аталмыш жарыстың республикалық кезеңі жалғасады.