Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір учаскесі жөнделуде

Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір учаскесі жөнделуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу науқанына байланысты аймақтағы көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жол инфрақұрылымын жаңарту аясында республикалық маңызы бар «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автожолының 15 шақырымдық учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қайта жаңарту жобасы Атамекен кентінен Ақсу қаласындағы МАЭС теміржол өткеліне дейінгі аралықты қамтиды.

Сондай-ақ 15 мамыр мен 4 маусым аралығында Ақсу қаласындағы МАЭС теміржол жолөткізгішінің деформациялық жіктерін жөндеуге және 5-20 маусым күндері «Нұрлы жол» көпірінің көлік айрығында жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктерге бір жолақ бойынша реттелетін реверсивті қозғалыс енгізіледі.

Мамандар жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, орнатылған уақытша ескерту жол белгілерінің талаптарына мұқият болуды сұрайды.