Ретро концерт пен көрмелер: Павлодарлықтар сәуірде қалай демала алады?

Ретро концерт пен көрмелер: Павлодарлықтар сәуірде қалай демала алады?
Фото: pexels.com

Тұрғындар үшін мәдени шаралардың тізімі құрастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы сәуір айындағы іс-шаралар жоспарымен бөлісті. 

Концерттер

7 сәуір 14:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында Шиллер атындағы халықтық хорының және «Сувенир» халықтық ансамблінің есеп беру концерті басталады. 

11 сәуір 19:00-де И. Байзақов атындағы облыстық филармониясында жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың «Musica vita mia» Италия музыка кеші болады. 

15 сәуір 19:00-де  Естай атындағы мәдениет сарайында Қуандық Рахым, Альбина Шардарова «Болайық бірге» концерті ұйымдастырылады. 

16 сәуір 15:00-де С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күніне арналған музыкалық кеш өтеді. 

18 сәуір 19:00-де И.Байзақов атындағы облыстық филармониясында Роза Бағланова атындағы «Қазақ концертінің» гастрольдік концерті болады. 

19 сәуір 19:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында халықаралық би күніне арналған фестивалі өтеді. 

26 сәуір 19:00-де И. Байзақов атындағы облыстық филармониясында «Шернияз би» ансамблінің концерті басталады. 

27 сәуір 17:00-20:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында «Ретро квартирник» пен «Tarsi orchestra» концерті болады. 

29 сәуір 19:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында Тұрсынбек Қабатовтың кеші ұйымдастырылады. 

Көрмелер 

Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде

1–14 сәуір аралығында Руслан Ибрагимовтың «Көшпенділер көрмесі», Павлодар мен Ақсу қалаларының балалар өнер мектебі оқушыларының Наурыз мерекесіне арналған жұмыстарынан көрме қойылады.

5 сәуір – 5 мамыр аралығында Е. Фридлиннің 50 жылдығына орай дербес мерейтойлық кескіндеме көрмесі өтеді. 

17 сәуір – 12  мамыр аралығында Павлодар суретшілерінің «Көктемгі шабыт» көркемсурет көрмесі болады. 

Ал 18 сәуір «Eртіс» музейінде «Бір шаңырақ астында» көрмесі өтеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сәуірде Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында қандай қойылым болатынын жазған едік.