Павлодарда 20 тамызда бірнеше көшеде су уақытша болмайды

Тұрғындардан су қорын жинап қою сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні Павлодарда Чапаев – Теплов көшесіндегі ысырманы ауыстыру және М. Жүсіп – Теплов көшесіндегі ысырмаларды орнату жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін М. Жүсіп көшесінен Қ. Нұркин көшесіне дейін және Кирпичная көшесінен М. Жүсіп көшесіне дейін Теплов көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлерде су беру шектеледі.