Павлодарлық жастар үш миллион теңге грант ұтып ала алады
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық деңгейде 3 млн теңгеден 30 грант беру жоспарлануда.
– Грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде еліміздегі волонтерлік саланы қолдау мақсатында грант бағыттарының тізбесінде қосымша волонтерлік көзделген, – деп жазылған хабарламада.
Грант туралы хабарландыру министрліктің ресми сайтында орналастырылған.
Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2024 жылдың 5 тамызынан бастап 6 қазан аралығында жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша 74-12-78, 8 702 000 88 12 телефон нөмірлеріне ( Ұ.Жүсіпбекова) хабарласуға болады.