ERG энергетиктері арасында КВН өтті

ERG энергетиктері арасында КВН өтті
Фото: Болатбек Кәкім

Ақсудағы ойын республикалық деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының 55 жылдығына орай Ақсу қаласында жұмысшылар арасында өткен КВН ойындарында Шымкент, Рудный, Ақтөбе, Павлодар және Ақсу қалаларынан келген алты команда бақ сынады.

«Энергетика» дивизионының бас операциялық директоры Дүйсен Мерғалиев өз сөзінде іскерлік келіссөздерде ғана емес, шығармашылықта да сынға түсе білу керектігін атап өтті.

Бүгін біз жұмыс үшін емес, барлығының көңіл күйін көтеру үшін жиналдық. Иә, біз еліміздің экономикасында маңызды орын аламыз. Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеміз. Толық жұмыс күні болғанына қарамастан, демалуға және көңіл көтеруге уақыт табамыз, – дейді директор.

Энергетиктер арасындағы дебюттік КВН ойыны дәстүрлі түрде «Сәлемдесу» кезеңімен ашылды. Сахнаға бірінші болып рудныйлық «Шокерлер» құрамасы шықты. Қала мектептеріндегі жылудың жоқтығы мен әкімнің жұмысы туралы миниатюралар көрермендердің көңілінен шықты. 

Ал шымкенттік «Оңтүстік екпін» командасы солтүстік тұрғындарының сүйікті тақырыбы – климат жайлы сюжетті сахналады. 

Жаңа жыл қарсаңында 13-ші жалақы туралы миниатюралар да болады. Әр топ осы тақырыпты қозғай өтті. 

Екінші кезеңде көрермендер ойыншыларға өзіндік сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ойындардың қорытынды кезеңі «Музыкалық үй тапсырмасы» болды, онда «Шокерлер» «Аладдин» сюжетімен көзге түсті. Актерлік шеберлік, сахнадағы сенімділік және ерекше киімдер көрермендердің көңілінен шыққаны сөзсіз. 

Ал «Темір» дивизион командасы отбасылық өмір кезіндегі өмір шындығын көрсетті. Үйленгеніне бір жыл болған жігіт пен отбасы құрғандарына бес және он жылдан асқан жұптардың айырмашылығы музыкалық нөмірде сахналанды. Бірақ олардың барлығына бір ортақ мәселе бар – әйелдерінің туған күні. 

Қазылар алқасының мүшелері командалардың дайындығын, әзілдердің өзіндік ерекшелігін, көрермендермен қарым-қатынасын және реквизиттердің болуын ескере отырып бағалады.

Ойын қорытындысы бойынша,  ЕЭК «proГРЭС» командасы бірінші орынға және сыйлық ретінде екі жүз мың теңгелік сертификат пен кубокқа ие болды алды. Күміс жүлдемен бірге 150 мың теңгелік жүлдені Рудный қаласынан келген қонақтар «Темір» дивизион командасы алды. Ал қола жүлдені рудныйлық екінші команда «Шокерлер» иеленіп, 100 мың теңгелік сыйақыға ие болды. 

«Темір» дивизион командасының басшысының айтуынша, олар қазылар алқасы үшін емес, көрермендер үшін ойнаған.

– КВН – бұл, ең алдымен, бүкіл халықтың көңіл-күйі. Әзіл саласындағы ең жақсы комплимент - бұл күлкі. Сахнаға бірінші рет шығып тұрған жоқпыз, толқу болған жоқ,  деді Ілияс Құдабаев.

Ал «proГРЭС» командасының мүшесі,  ЕЭК электр станциясының жұмысшысы Наталья Павлова әзілдерді өздері жазғанын және цензураны қолданбағанын атап өтті.

Мен қатысқаныма өте қуаныштымын. Бастапқыда келіскеніме өкіндім, өйткені дайындықтар көп күш пен уақытты талап етті. Ал қазір қуанышымда шек жоқ,  дейді ойынның жеңімпазы.

Айта кету керек, сахнада «Темір» дивизион командасының басқа барлық әзілқойлар алғаш рет қолдарына микрофон ұстаған. 

Естеріңізге сала кетейік, бүкіл ел 22 желтоқсанда кәсіби инженер-энергетик күнін атап өтеді.

Фото: Болатбек Кәкім

Жарнамалық материал