Павлодарда фотосурет марафонына тегін қатысу ұсынылады

Павлодарда фотосурет марафонына тегін қатысу ұсынылады
Фото:pixabay.com

Шарада фотосурет марафоны өткізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында 9 қазанда сағат 15:00-де белгілі павлодарлық фотограф Оксана Солейдің «По следам моих историй» атты дебюттік жеке фотокөрмесі ұйымдастырылады.

Оксана Солей бес жыл қатарынан халықаралық фотоөнер сыйлығында Павлодар қаласының үздік фотографы атағына ие болған. Ол Қазақстанның үздік 10 фотографының қатарына кіреді, конкурстардың лауреаты, жеңімпазы, фотокөрмелердің қатысушысы болып табылады. Фотосуреттері танымал журналдарда жарияланады. 12 жыл бойы екі оқу мектебінің негізін қалаушы және оқытушысы. 

Фотокөрменің ашылуында қонақтарға үйде қарапайым тапсырмаларды орындай отырып, фотосурет марафонына тегін қатысуға мүмкіндік беріледі. Көрме барысында қонақтар ерекше фотоаймақта суретке түсе алады.

Көрмеге 40 фотосурет қойылады.

Көрмені 6 қарашасына дейін тамашалауға болады.