Павлодарлық музыкант жаңа релиз жариялады
Dose деген лақап атпен белгілі рэпер, саунд-продюсер және битмейкер Айдос Жұмалинов хиттерінің инструменталдық нұсқасының жинағын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Dose Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Жинаққа «Солнце золотое», «Сдаюсь» және «В плену» секілді павлодарлық музыканттың белгілі әндері кірді. Релиз эксклюзивті түрде «VK Музыка» платформасында.
Айдос Жұмалинов 1993 жылы Павлодар да туған. Заңгер дипломына бар болуына қарамастан, өмірін музыкаға арнауды жөн санады. Павлодардан шыққан тағы бір атақты музыкант – Скриптонитпен танысқан ол біраз уақыт жерлесінің концерттік продюсері болып жұмыс істеді.