Екібастұзда Жамбыл оркестрі концерт береді

Екібастұзда Жамбыл оркестрі концерт береді
Фото:pixabay.com

Концертке кіру – тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

13 желтоқсанда Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі «Ата толғауы» концертінде өнер көрсетеді.  

Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегіндіков.

Солистер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай, Гаухар Жұмағұлова, Балжан Жүнісова өнер көрсетеді.

Концерт «Өнер» мәдениет сарайында кешкі сағат 18:30-да басталады.