Ертіс ауданында көлік жанды

Ертіс ауданында көлік жанды
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Өрт аудан орталығында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауданның өрт сөндірушілеріне Ертіс ауылындағы Жазы батыр көшесінде автомашинаның өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. 

Өрт сөндірушілер дереу шақыруға шығып, бірден өртке оранған «Lexus 470» маркалы автокөлікті сөндіруге кірісті. 

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.