Павлодар облысында ірі онлайн есірткі дүкенінің арнасы жабылды

Павлодар облысында ірі онлайн есірткі дүкенінің арнасы жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тереңкөл ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері синтетикалық «скорость» есірткісін ауданға жеткізу арнасын әшкерелеген. Жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдарын сақтады деген күдікпен Тереңкөл ауылының тұрғыны ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

– Алдын ала мәліметтерге сәйкес, есірткі заттары аудан аумағында жұмыс істейтін ірі онлайн есірткі дүкенінің тапсырысына сәйкес интернет арқылы таратылған. Оқиға орнынан 50 дайын «скорость» есірткі дозасы тәркіленді, – деді облыстық прокуратурада. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.