Павлодарда жүк көлігі отқа оранды

Павлодарда жүк көлігі отқа оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 05.59-да Ломов көшесінде газбаллон жабдығы орнатылған «Газель» маркалы жүк көлігі өртенді. 

Жалын төрт шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына жедел ТЖД күштері келді, жеке құрамнан сегіз адам және екі техника жұмыс істеді. Тілсіз жау сағат 06.15-те толықтай жойылды. Өрттің себептері анықталуда.

Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау жайлы ескертеді.