Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, мерт болды
Науқас ауруханада бір күн ғана жатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдай 28 мамыр күні сағат 23:50 орын алған. Ер адам Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың төртінші қабатынан секіріп, қайтыс болды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері шақырылды. Аталған факті бойынша құзыретті органдар тергеу жүргізіп жатыр.
– Науқас тыныс алу жолдарының ауруларымен ауруханаға 27 мамыр күні түсті. Дәрігерлердің айтуынша, ол тиісті ем алып, өзін байыпты ұстады. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ, – деді басқармада.
Аурухананың әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізген, алайда медицина қызметкерлері тарапынан қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін фактілер анықталған жоқ.
Фото ашық дереккөздерден алынған