Павлодар облысында учаскелік полицейді ұрған екі ағайынды қамауға алынды

Павлодар облысында учаскелік полицейді ұрған екі ағайынды қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық бұзушылар полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, балағат сөздер айтқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, билік өкіліне құқыққа қарсы әрекет көрсету фактісі бойынша екі ағайындыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

–Екі ағайынды өткен туған күнімен туысын құттықтауға келген. Олар сол пәтерде алкоголь ішкен. Көршілер мерекені баспалдақта айғай-шумен жалғастырған қонақтардың тәртібіне шыдамай, 102-ге қоңырау шалған, – деді департаментте. 

Көрсетілген мекенжайға келгеннен кейін учаскелік полицейдің заңды талаптарына ішімдік ішуді тоқтатып, полиция пунктіне баруға құқық бұзушылар мойынсұнбай, қызметкерге балағат сөздер айтып, өздерін агрессивті ұстап, қарсылық көрсетіп, полиция қызметкеріне дене жарақатын салған.

– Ер адамдарға қатысты арнайы құралдар  және күрес әдістері қолданылды. Кейін олар медициналық куәландыру үшін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкіліне  күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер Екібастұз қаласының УҚИ-не қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Конституцияның 77 - бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабының 1-бөлігі «Адам қылмыс жасағаны үшін оның кінәсі сот үкімімен заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып саналады».