Ертіс бидайы мен түрік технологиясы ең жақсы ұн шығарды

Павлодар ұн тарту кешені заманға сай даму үстінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«МК Евразия-Агро» ЖШС 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын тәулігіне 150 тонна бидай өңдеуден бастады. Серіктестікте ұн тарту цехынан бөлек, дайын өнім сақтайтын заманауи қоймалар, темір жол кіреберіс жолдары, соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған зертхана бар.
– 100-ден астам адам жұмыс істейтін бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында кәсіпорын нарықта лайықты орын алды, – дейді «МК Евразия-Агро» ЖШС директоры Есман Қабдығалиев. – Бидайды жергілікті шаруалардан сатып аламыз: Ертіс, Тереңкөл ауданы және басқалардан. Жақын арада кәсіпорын түрік технологиясы бойынша мүлдем жаңа автоматтандырылған кешенін іске қосуға дайындалуда. Ол диірменнің өнімділігін тәулігіне тағы 350 тоннаға арттырады.
Есман Қабдығалиевтің айтуынша, павлодарлық ұнның ерекшелігі – оның тұрақты жоғары сапасы. Бұл оны заманауи құрал-жабдықтармен және білікті кадрлармен жабдықтау арқылы қамтамасыз етіледі.
– Зертхана – бүкіл кешеннің «көзі мен құлағы», – дейді «МК Евразия-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зертхана меңгерушісі Анастасия Скрипник. – Мұнда біз барлық шикізатты, негізінен бидайды тексереміз. Зертхана тәулік бойы жұмыс істейді, ол өте жақсы жабдықталған, Қазақстандағы ең үздіктердің бірі, біз оны мақтан тұтамыз. Заманауи қондырғылар ұнымыздың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Ұн бүкіл Қазақстанға шығарылады, оңтүстік көршілеріміз – Қырғызстан мен Өзбекстан да павлодарлық ұнды жақсы көреді.
– Бізде бүкіл ел бойынша дилерлік желі бар. Біздің ұн әсіресе тандыр шелпектерді ұнататын оңтүстікте жақсы қабылданады. Білесіз бе, тандыр нанды әзірлеуге кез келген ұн жармайды, оны дайындауға тек ең жақсысы, жоғары деңгейдегі клейковинасы бар ұн ғана жарайды. Бізді өндірісті кеңейтуге итермелеген жоғары сұраныс болды, - деп мойындады кешен директоры.
Ұнды бөлшек саудада да сатып алуға болады. Есман Қабдығалиевтің айтуынша, «Еуразия» ұны павлодарлық супермаркеттерде еркін сатылуда, бағасы базар бағасынан төмен.