Ертіс ауданында 10 жастағы жеткіншек Құран Кәрім парасын жатқа айтудан сынға түсті
Құран Кәрімнің 29-30-шы парасын жатқа айту сайысы Мәуліт мерекесінің құрметіне арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс ауданының «Ержан» мешіті ұйымдастырған сайыс алдында аудан имамы Бақытбек Төлегенұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Қуантарлық жайт, қатысушылардың арасында ең жас қатысушы – «Ержан» мешітінің шәкірті 10 жастағы Арынғазы Сырым бағын сынап көрді. Сайыстың мақсаты – жамағаттың Құранға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәуліт мерекесінде умра қажылығына баруына себепші болуға тырыстық, – деді баспасөз қызметінде.
Бұл сайысқа бес жүлделі орын қарастырылған. Байқау нәтижесінде Бас жүлде – қасиетті Меккеге умра құлшылығына жолдаманы Ержан Амралинов (Ақтоғай ауданы) жеңіп алды. Бірінші және екінші орындарға Асанәли Ертихалов, Айбек Сейілбеков («Әбу Бәкір сыддық» медресе колледжінің шәкірттері), үшінші орынға Арынғазы Сырым (Ертіс ауданы Ержан мешітінің шәкірті) және Мұстафа Тілеуқабылұлы («Умар Фаруқ» мешіті) болды.
Жүлделі орындарға ақшалай қаражат табыс етілді. Сондай-ақ әр қатысушы Алғыс хаттармен, сый-сыяпаттар марапатталды.