Ет, сүт, балық: Павлодар облысының фермерлері Астанаға 550 тонна өнім жеткізеді
Өңірдің тауар өндірушілері Астана қаласында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңке 2024 жылғы 12-13 қазанда «Қазанат» ипподромында (Қарқаралы 1Б тас жолы) ұйымдастырылады.
Оған облыстың 10 ауданы мен Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан 80-нен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Елорда қонақтары мен тұрғындарына 60 тонна еттің барлық түрі, 415 тонна картоп пен көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 50 мың дана жұмыртқа, 10 мың тонна балық, 8 тонна бал, 7,5 тонна шұжық өнімдері, 10 тонна ұн және ұн өнімдері, 19,5 тонна басқа өнімдер өнімдер ұсынылады.
– Жәрмеңке өнімдерінің бағасы Астана қаласындағы базарларға қарағанда 10-15%-ға төмен болады. Өнімнің жалпы көлемі 550 тоннаны құрайды. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге қатысуға және Павлодар облысында өндірілген қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шақырамыз, – деп жазылған хабарламада.
Картоп және көкөністерді – «Ақтоғай Агро» фирмасы ЖШС, «КронАгро» ШҚ, «АгроЛогистик» ЖШС, «АгроТрейд» ЖШС, «Агросоюз» ШҚ, «Арман» ШҚ, «АгроКапитал» ЖШС, «Каб» ШҚ, «Радуга» ШҚ, «Дәнекер» ШҚ ЖШС, сиыр еті, жылқы еті және қой етін – «Табыс» ШҚ, «Астра» ШҚ, «Мерғали» ШҚ, «Святилгазы» ШҚ, «Жамбыл» ШҚ, «Бегімбет» ШҚ, «Азамат» ШҚ, «Самал» ШҚ, «Мұқан Ата» ШҚ және басқалары, сүт өнімдерін – «Best MILK» ЖШС, «ЭКО ДОМ» ЖШС, «Молочные продукты» ЖШС, балық өнімдерін – «Лисниченко» ЖК, ұлттық сүт сусындарын – «Ақжар Өндіріс» АФ ЖШС, ұн, макарон өнімдері «КЭММИ» ЖШС, «Уразбаев» ШҚ, шұжықтар, ет деликатестері және жартылай ет фабрикаттарын – «Иларбек» ШҚ, «Мяском» ЖШС, «Дүйсембаев» ЖК, «Смак» ЖШС, «Айсберг ПВ» ЖШС, бал және бал өнімдерін «Розовская Пасека» ЖШС, «Шарапов» ФҚ, «Деревягин» ЖК, «Андреев» ЖК, «Хохленко» ЖК және басқалары жеткізеді.