Биыл Павлодар ауданында екі жаңа көкөніс қоймасы салынады

Биыл Павлодар ауданында екі жаңа көкөніс қоймасы салынады
Фото: Мақсат Көлтай

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Павлодар ауданының шаруа қожалықтарына барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Аудан әкімі Николай Дычконың айтуынша, көктемгі егіс жұмыстары бойынша тұқымдық материал, жаңар-жағармай уақытылы сатып алынып, бір миллиард 800 миллион теңгеге несие рәсімделген. Бүгінгі таңда көктемгі егіс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. 1-5 маусымда бүкіл аудан бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың – 60 пайызы, күнбағыстың – 80 пайызы, көкөністердің – 70 пайызы, астықтың 60 пайызы салынған. Мал азығы – 40145 гектар, дәнді дақылдар – 48686, майлы дақылдар – 19750, картоп – 4310 және көкөністер – 3380 гектар. 

– Бізде Мичурин және Чернорецк суармалы алқаптары бар, – деді аудан әкімі. – Оған қоса, дербес Жаңақала бар. Бұл алқапта 100 пайыз суарылады. 15300 және 500 гектарға тамшылатып суару әдісі  қолданылады.  Бұдан бөлек, көкөніс өсіруге арналған жаңа алаңдарды босатып, жыл сайын конкурстарға қатысамыз. Осы аумақтарды пайдалануға берсек, 25 мың гектар болады. Суаруға тағы 600 гектар жер енгізіледі.

Ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнімі 500 миллиард теңгеден 10 пайызды  құрайды. Биыл интеграциялық жабдықталған екі жаңа көкөніс қоймасы салынады. «Арман» шаруа қожалығының басшысы Ботагөз Ілиясова шаруашылықпен айналысқанына 10 жыл болғанын айтады. Биыл интеграциялық жабдықталған екі мың тоннаға жаңа көкөніс қоймасын салу жоспарланып отыр.

– Егер жел аз болса, онда егін жақсы шығады, – дейді Ботагөз Ілиясова. –  Биылғы ауа райы қуантады. Әзірге көкөністерді суармаймыз, өйткені  ауа райы жаңбырлы. Күзден бастап жер әлі де ылғалды. Өнімнің шығуы жаздың қандай болатынына, ауа райына байланысты болса, көкөністердің бағасы да өнімділікке байланысты болады. 

Кәсіпкер, су тұрақты берілетінін атап өтті.  Бұдан бөлек, сары сәбіздің тұқымын сатып алу бойынша проблемалар бар екенін жеткізді.

– Сапалы тұқымдар жоқ. Сәбіз бағасы әлі де жоғары. Шымкент, Алматы, Астана қалалары сары сәбізді жақсы алады. Өткен жылы барлық өнім алқаптан сатылып кеткен.  

Көкөніс өсірумен айналысатын қожалық сәбізді – 70 гектарға, картопты – 25 гектарға, пиязды – 10 гектарға, қызылшаны – 10 және сары сәбізді үш гектарға отырғызған.