Павлодар облысында орман резерваты өрт сөндіру техникаларымен толықты

Павлодар облысында орман резерваты өрт сөндіру техникаларымен толықты
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Соңғы рет өрт сөндіру техникасы 2011 жылы сатып алынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» резерваты табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметі бөлімінің бастығы Қобланды Атығаевтың айтуынша, бүгінгі күні резерватта 35 өрт сөндіру және 21 патрульдік техника бар. Бұл бекітілген нормативтердің 100% құрайды. Жыл сайын техниканы жұмыс күйінде ұстау үшін қосалқы бөлшектерді сатып алуға қаражат бөлінеді. 2021 жылы 14  Беларусь тракторы сатып алынған.

– «Ертіс Орманы» резерваты төрт өрт сөндіру техникасымен толықты: екі АЦ 3,2-40, екі Орал 5557 1151-40. Биыл маусым айында бір өрт сөндіру техникасы берілген, – дейді Қобланды Атығаев.

Бөлім бастығының сөзінше, бүгінгі таңда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Ертіс орманы» резерватын 2023-2025 жылдары материалдық-техникалық базамен және жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі жобаны әзірлеуде. Биыл «КамАЗ» базасында үш өрт сөндіру автомашинасына конкурс өткізілген. Жалпы сомасы 282,7 миллион теңгеге автомашина 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін жеткізіледі. Сондай-ақ орман күзеті үшін бір патрульдік автокөлік пен төрт мотоцикл сатып алуға бюджеттік өтінім берілген.