Lego, скутер: Жаңа жылда балалар қандай сыйлықтар күтеді?

Lego, скутер: Жаңа жылда балалар қандай сыйлықтар күтеді?
Фото: pixabay.com

Жаңа жылдың келуіне санаулы сағаттар ғана қалды. Әрбір адам бұл мерекеде жанына жақын сыйлық күтетіні белгілі. 

@Рavlodarnews.kz тілшісі мереке қарсаңында балалар қандай сыйлық күтетіні жайлы біліп көрді. 

Томирис Бекжан, жасы 10-да. Ол жыл сайын Аяз атаға хат жазып, шыршаның астына қалдыруды әдетке айналдырған.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мен жаңа жылға домбыра сұраған едім. Себебі, жуырда домбыра үйірмесіне жазылдым. Болашақта Дина апамыз сияқты керемет күйлерді ойнап үйренгім келеді. Сыйлық үшін ата-анама өте ризамын, – дейді Томирис. 

Жеті жасар Әбілмансур Оралхан мереке қарсаңында аталары мен әжелеріне whatsap желісіндегі топтарға хат жазады. Өзінің қандай сыйлық күтетіні жайлы wish list құрастырып жібереді. Ол үшін дүкендердің сөрелеріндегі сыйлықтарды алдын ала суретке түсіріп алады. 

Маған Lego құрастырған ұнайды. Аяз атадан конструктор күтемін, – дейді Әбілмансур.

Ручной Работы, Строительные Блоки, Навык

Фото: pixabay.com

Ерке Жасылан өзінің кішкентай ұлына 500-ден астам бөлшектен тұратын конструктор алып бергісі келеді. Оның айтуынша, бұл ойыншықты құрастыру кезінде баланың қол моторикасы мен ойлау қабілеті дами түседі.  

Көбінесе ұлыма дамытатын ойыншықтарды алуға тырысамын. Жасы – үште. Баланың қозғалыс дағдыларын, көру, есту қабілеттерін, тактильді сезінулерін дамытуға арналған ойыншықтар алған дұрыс. Бұл оның айналаны жақсы танып, білуіне көмектеседі, – дейді ол.

3-сынып оқушысы Алпамыс Жігер спортпен айналысқанды жақсы көреді, бокс үйірмесіне барады. Көптен бері скутер алуды армандайды. 

Скутер, Заход Солнца, Красный Мотор

Мен бұрын Аяз атаға сенетінмін, ал қазір оның барына сенбеймін. Ол ертегі кейіпкері деп білемін. Сыйлықты ата-анам алып береді,  – дейді ол. 

Айта кетерлігі, дүкен сатушыларының айтуынша, мереке қарсаңында Lego конструкторлары мен түрлі мултьфильм кейіпкерлері қуыршақтарына сұраныс артқан.