Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарына алғыс айтты (ВИДЕО)
Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы ахуалды көру үшін арнайы келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесу барысында қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты.
– Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті қаражат бөлінді. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын, – деді Президент.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Үкімет резервінен 12 шақырымға техникалық су құбырын салуға 2,2 миллиард теңге, ал жылу магистралін салу үшін 6,7 миллиард теңге бөлу жоспарланған.