Павлодар әкімі жолдардың сапасыздығына қатысты шағымдарды тыңдады

Павлодар әкімі жолдардың сапасыздығына қатысты шағымдарды тыңдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәріз жүйесінің құрылысы аяқталғаннан кейін шағын ауданның 9 көшесіне асфальт төселеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Хасар Хабылбеков бұл туралы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Горторг шағын ауданының тұрғындары маған сапасыз жолдарға және «Энтузиаст» бау-бақшасының қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы шағым түсірді. Бүгін аталған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізіп, кәріз жүйесі салынып жатқанын, оған қосылғаннан кейін шағын ауданның 9 көшесіне асфальт төселетінін түсіндірдім. Қазір тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдарға қиыршық тас төсейміз, – дейді ол.

Бау-бақша жұмысы бойынша барлық мәселелерді талқылау үшін кәсіпкерлік бөліммен, бау-бақша шаруашылығының төрағасымен және тұрғындармен бірлесіп, жиналыс өткізу туралы шешім қабылданды.

Қала басшысы тамыз айының соңына дейін кәріз құрылысы мен жолдарды жөндеу бойынша барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)