Павлодарда бірнеше үйде жарық сөндіріледі

Павлодарда бірнеше үйде жарық сөндіріледі
Фото: Константин Шелков

Бұған себеп – жөндеу жұмыстары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық  тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты алтыншы ақпан сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қаланың бірнеше мекенжайында электр қуаты сөндіріледі. 

Аталмыш мекенжайлар: Ак. Сәтбаев көшесі 30, 32, 34, 36, 38, Астана көшесі, 7/1, 7/2.