Павлодарлық тәрбиешілер трендте: Желіде миллиондаған қаралым жиналды (ВИДЕО)

Павлодарлық тәрбиешілер трендте: Желіде миллиондаған қаралым жиналды (ВИДЕО)
Фото:Маржангүл Жетпісқызы

№8 сәбилер бақшасының ұжымы әлеуметтік желіде үнемі белсенділік танытады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жолы мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкерлері Tiktok және Instagram желілеріне түрлі әлемдік трендтерді түсіріп, көрермендердің көзайымына айналып үлгерді. Бүгінде видео аталмыш әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинап, халықтың ыстық ықыласына бөленуде. 

– Біздің ұжым балаларды тәрбиелеп қана қоймай, медиа саласынан да қалыспауда. Бұл жолы әйгілі «Ashleq, look at me» фразасымен таралған видеоны қайталап түсіріп, жалпы 1,6 миллион қаралым жинады. Бұл видеомыз «Педкеңестен кейінгі педагогтардың көңіл күйі» тақырыбында түсірілген болатын. Шыны керек, салған постымыз ауқымды түрде тарап кететінін білген жоқпыз, – дейді №8 балалар бақшасының басшысы Маржангүл Жетпісқызы. 

Бақша басшысы мұндай бейнежазбаларды салудың басты мақсаты медиа саласын дамыту екенін атап өтті. Аталмыш бейнежазбаның астында пікір қалдырушылар екіге бөлінді. Бірі қызметшілердің бұл бейнежазбасын қате деп  санаса, біреулері қолдап, тәрбиешілердің трендтен қалмауына ризашылығын көрсетуде. 

– Біз әлеуметтік желіге де көп назар аударамыз. Себебі, ата-аналар күнделікті келіп күн тәртібін бақылай алмайды. Сондықтан әлеуметтік желілерге күнделікті бүлдіршіндеріміздің арасында апайларымыздың бейнежазбаларын жүктеп отырамыз, – дейді Маржангүл Жетпісқызы. 

Еске сала кетейік, №8 сәбилер бақшасында «Қош бол, жайдарлы жаз» атты мерекелік  шара барысында түрлі образдарға енген ата-аналар мен бақша қызметкерлері балалардың көңілін көтеріп, өнер көрсеткен болатын. Қызметкерлер ойындардан бөлек, жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражатқа мектепке керек тауарлар сатып алынып, көпбалалы отбасыға табысталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от qaz.pavlodarnews.kz (@qaz.pavlodarnews.kz)