Павлодар аудандық ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

Павлодар аудандық ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

Енді 28 сәуірден бастап  жаңа мекенжайда қызмет көрсетеді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

–  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы бұған дейін Н.Назарбаев даңғылы, 283/1 мекенжайында орналасқан болатын. Енді 28 сәуірден бастап бұл ХҚКО Есеналиев көшесі, 24 мекенжайы бойынша қызмет көрсетеді, – деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерді жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін қабылдайды. ХҚКО-да мемлекеттік қызметтердің барлық түрлеріне тапсырыс беруге болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласында азаматтарға ыңғайлы болу үшін бес ХҚКО жұмыс істейді. Олар келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: Есеналиев көшесі, 24, Павлов көшесі, 48, Космонавтар көшесі, 2, Луговая көшесі, 16, Кривенко көшесі, 25.