21 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Жел күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 16-21 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, түнде аздаған жаңбыр жауады.
Сынап бағанасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус көрсетеді.