Павлодар облысында жас отбасылар күш сынасады
Қатысушылар арқан тартып, нысана көздеп, отбасылық эстафетада жарысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21 қазанда Павлодарда жас отбасылар арасында SuperFamily өңірлік байқауы өтеді. Қатысушылар ептілік, күш пен дәлдікті қажет ететін үш сайыста бақ сынайды.
Бағдарламаға арқан тарту, нысанаға дәл тигізу және «торпедамен секіру» эстафетасы енгізілген. Сайыстар командалық форматта өтеді.
Байқау Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылады. Мекенжайы – Ломов көшесі, 38. Басталуы сағат 10:00-де.
Қатысуға өтінімдер 15 қазанға дейін қабылданады.