Павлодар белсенділері қарттар үйінің аумағын тазалады
Аймақта «Таза бейсенбі» экологиялық науқаны жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аптада партия мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, «Жасыл ел» студенттік құрылыс жасағының белсенділері, Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдері және ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.
Қарттар үйінің аумағын тазалауға 40-қа жуық адам қатысты. Белсенділер гүлдер отырғызып, шағын сәулет нысандарын бояп, аумақта құлаған ағаштар мен ірі қоқыстарды шығарды.
– Бүгінгі іс-шара «Кедергісіз келешек» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларын іске асыру аясында өтуде. Жастар үшін бұл ардагерлерге көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар аға буын өкілдерімен кездесіп, орасан зор тәжірибесі, тарихы мен білімі бар адамдармен араласуға тамаша себеп, – деп атап өтті «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Мерғали Жүсіп.
Қарттар үйінің тұрақты қонағы, белсенді Сергей Винтер «Мұндай тазалау жұмыстары, менің жастық шағымда үнемі өткізіліп тұратын» деп еске алды. Зейнеткер белсенділерге еңбегі үшін алғыс айттып, жастарға өз сөзінде:
– Уақыт тез өтеді, уақыт өте арада сіздер де ардагер, құрметті жастағы адамдар боласыздар және есте қалған білім мен тәжірибені келесі ұрпаққа беретін боласыңдар. Жақындарға қамқорлық жасау және құрметпен қарау – ең ұлы игілік, – деді ардагер
«Таза бейсенбі» науқаны тұрақты негізде жалғасатын болады. Апта сайын аманаттықтар мен облыс белсенділері Ертіс өңірі аумағында тазалық жұмыстарын жасайтын болады.