Павлодарлықтарға сән әлемінің қыр-сырын көрсетпекші
Қатысушыларға керемет киім үлгілерін жасап, гардероб элементтерін үйлесімді етуді үйретеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 шілде күні сағат 12:00-де жастар орталығында стилистика бойынша шеберлік сағаты өтеді.
– Егер сіз мінсіз керемет киім үлгілерін жасаудың құпияларын білгіңіз келсе, жеке тұлғаңызды ерекшелеп, гардероб элементтерін үйлесімді етуге үйренгіңіз келсе, онда бұл мастер-класс сіздер үшін, – дейді ұйымдастырушылар.
Шеберлік сағатын стилист Динара Әбілдинова өткізеді.
Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.