Ақсуда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақсуда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны кәсіпкерге айыппұл салынды
Фото: Константин Шелков

Сатушы сыраны 20 жастағы жігітке сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары профилактикалық рейд барысында Ақсу қаласының дүкендерінің бірінде түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату фактісін анықтады. 

– Кәсіпкерге қатысты жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Қожайынға 40 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Оған қоса, алкоголь өнімін сатуға лицензияның қолданысы тоқтатылуы мүмкін, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақсу өңірінде тәртіп сақшылары алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін сегіз кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.