Павлодар жағалауында жеңіл атлетикалық марафон өтеді

Павлодар жағалауында жеңіл атлетикалық марафон өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Науқанның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

26 маусым күні сағат 17:00-де Павлодар қаласындағы «Ertis Promenade» алаңында есірткіге қарсы науқан аясында жеңіл атлетикалық марафон ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара бағдарламасында марафонмен қатар квест ойын және концерт те жоспарланған.