Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы жаңа орынбасарын таныстырды

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы жаңа орынбасарын таныстырды
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті

Бұған дейін ол Ұлытау облысында сәйкес лауазымда қызмет атқарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, департамент басшылығы мен жеке құрамына облыстық полиция департаменті бастығы Василий Склярдың тергеу жөніндегі орынбасары қызметіне полиция подполковнигі Сафуан Жампейісов тағайындалды.

Бұған дейін Сафуан Жампейісов Ұлытау облысының полиция басқармасында да дәл осындай лауазымда қызмет атқарған. 

Василий Скляр осы саладағы мол тәжірибесіне тоқталып, облыстың аумақтық полиция бөлімшелерінің практикалық қызметіне енгізіліп жатқан министрлік әзірлеген жаңалықтар бойынша әлі де атқарылатын жұмыстардың бар екенін атап өтіп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.