Павлодарда лифтіде темекі шеккен тұрғын айыппұл төледі
Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін облыстың 89 тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ак. Шөкин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындарынан полицияға лифтіде темекі шеккен адамға қатысты шаралар қабылдау туралы хабарлама түсті. Оның әрекеті тұрғындарға қолайсыздық туғызған және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді.
– Екібастұзда 27 жастағы ер адам Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған жерлерде темекі өнімдерін тұтынғаны үшін құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Алтынбек Медьяров.
Айта кетейік, ұсақ бұзақылық – азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғнғаны үшін құқатын әкімшілік құқықбұзушылық. Аталмыш бұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілікке тартылады.