Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары жол апатына түсті
Көлік кюветке ұшып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысының бірінші орынбасары Серік Батырғожинов жол-көлік оқиғасына ұшырады.
– Басқа көліктер жол апатына түспеді, зардап шеккен жоқ. Әкімнің орынбасары қызметтік көлікте жүргізушісімен келе жатқанда көлік кюветке ұшып кетті. Серік Батырғожиновтың өзі кішігірім зақым алған, жағдайы тұрақты, – деді баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, Майқайың кенішіндегі жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында комиссия жұмыс істейді. Құрамына Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов, «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, еңбек басқармасы, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы, кәсіподақ ұйымы департаментінің басшылары мен мамандары кірді.
Ол облыс әкімі орынбасары лауазымына 2023 жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын.