Павлодарлық хоккейшілердің ел біріншілігіндегі қарсыластары белгілі болды
Чемпионаттың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық «Ертіс» хоккей клубының Қазақстан чемпионатының екінші кезеңіндегі қарсыластары мен ойындарының кестесі шықты. Қаңтар айында клубтың жұмыс кестесі тығыз болады. Павлодарлықтар жеті кездесу өткізеді.
Чемпионат ережесіне сәйкес, екінші кезеңде қатысушылар бір айналымда өзара ойнайды. Олар әрбір қарсыласпен бір ойын өткізеді. Дәлірек айтқанда, өз алаңында бес ойын, қарсыластардың алаңында бес ойын өткізеді. Екінші турдың кестесі командалардың бірінші кезеңде алған орындарына сәйкес анықталды.
«Ертіс» демалыстан кейін Ташкентте өзбекстандық «Хумо» клубымен ойында жеңіліс тапты. Маусымның соңғы ойын күні 16 ақпанға жоспарланған. Одан кейін ең үздік сегіз команда плей-офф бәсекелерін жалғастырады.
«Ертіс» командасының ойындарының күнтізбесі:
— 12 қаңтар «Ертіс» — «Құлагер»;
— 15 қаңтар «Ертіс» — «Ақтөбе»;
— 19 қаңтар «Бейбарыс» — «Ертіс»;
— 22 қаңтар «Горняк» — «Ертіс»;
— 26 қаңтар «Торпедо» — «Ертіс»;
— 29 қаңтар «Ертіс» — «Номад».
Айта кету керек, бүгінгі таңда көкшетаулық «Арлан» көш бастап тұрса, екінші орынды өзбекстандың «Хумо» командасы тұр. Ал үшінші орынға «Номан» командасы табан тіреді. Өкінішке орай, жерлестеріміз соңғы 11-ші орынға түсті.