Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел көз жұмды

Көліктегі екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 25 маусым күні сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында орын алған. 

– Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай аударылып, оқиға орнында қаза тапты. Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деді баспасөз қызметінде.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Фото: ашық дереккөздерден