Павлодар облысында өртті алдын алудың онлайн жүйесіне жоғары баға берілді
«Ертіс орманы» резерватындағы интеллектуалды жүйе тәулік бойы онлайн режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірге жұмыс сапарымен «AMANAT» КДО партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов және КДО КДП инспекторы Венера Есілбаева келді. Партиялық бақылау департаментінің мүшелері Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Шалдай филиалына барды.
Дәурен Бижуманов жұмыс тобы ШҚО-дағы Катонқарағайға, Абай облысының Семей орманына барып, өрт қауіпті кезеңге материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрлық қамтамасыз ету, жалақы мәселелерін қарастырғанын атап өтті.
– Бүгінде елімізде кадрлық қамтамасыз ету мәселесі бар. Ауыр жұмыс және еңбекақының төмендігі жұмыс күшінің тұрақсыздығына әкеледі. Кейде бір орманшы 6 мың гектарға жуық жерді қамтамасыз етуге мәжбүр болады, – деп атап өтті ол.
Партиялық бақылау департаментінің мүшелері орманды санитарлық тазалау бойынша келісудің ұзақ мерзімге созылатынын жеткізді. Тіпті, кейде құлаған немесе кептірілген ағашты жинау туралы шешім алты айға созылуы мүмкін.
«Ертіс орманы» резерватында партиялық бақылау департаментінің мүшелеріне техникалық жағдайды, өрт сөндіру машиналары мен олардың жай-күйі көрсетілді.
Резерваттың бас директорының м.а. Қазбек Аметов өрт қауіпті кезеңде орман өрт сөндіру станциялары жабдықталғанын және үздіксіз жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Қонақтар өртті алдын ала ескертудің онлайн жүйесін жоғары бағалады.
– Бұл іс жүзінде интеллектуалды жүйе деп айтуға болады. Камералар бүкіл аумаққа орнатылған, тәулік бойы онлайн режимінде ағымдағы жағдайды көрсетеді, 360°көрінісі бар. Мұнда жұмысқа мұқият қарайтыны сезіледі, басшылық пен қызметкерлер техниканы, жабдықты қадағалайды. Барлық техника жарамды күйде болғандықтан тізімінен шығарылмағанын білдім, – деді партиялық бақылау департаментінің өкілдері.
Сапар аясында Дәурен Бижуманов, Венера Есілбаева, Павлодар облысының «AMANAT» партиясының мүшелері Шарбақты ауданы Шалдай ауылының дендропаркіне ағаш отырғызуға қатысты.