Павлодарлық еріктілер адам көп жиналатын жерлерді қоқыстан тазартты

Павлодарлық еріктілер адам көп жиналатын жерлерді қоқыстан тазартты
Фото: Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы

Акцияны жастар бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еріктілер мен жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына сәйкес «ЭкоДесант» акциясын ұйымдастырды. Акция қалдықтарды бөлек жинауды және қайта өңдеуді енгізуге бағытталған.

Экоеріктілер ластанған көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық бақтарды аралады. Қоқыс «Қаз қонақ ескерткіші», Павлов көшесі, 11 және 34 мекенжайында жиналды.

– Мұндай іс-шаралар экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуге және адамдардың қоршаған ортаны қорғау туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі. Ең бастысы, жастарды экологиялық мәдениетке, табиғатқа, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейміз, – дейді ЖБДО директоры Ризат Рахымжанов.

Сонымен қатар, еріктілер «Артур» және орталық әмбебап дүкені сауда орталықтарының жанында қалдықтарды қалай дұрыс жинау керектігі туралы ақпараттық буклеттер таратты.