Арқарларды қорғауға дайынбыз: Баянауыл ұлттық саябағында рейд жүруде
Жақында браконьерлік маусым басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазан айының соңынан бері Баянауыл ұлттық паркінің орманшылары полиция қызметкерлерімен бірге Қызыл кітапқа енген арқарлар мекендейтін жерлерді тексеруде.
Баянауыл табиғи ұлттық паркінің директоры Аждар Жүсіповтың айтуынша, дайындық қызу жүргізілуде. Жануарларды қорғауға арналған жабдықтарды бір ай бұрын әкеле бастаған. Оның ішінде қорықшыларға арналған бинокль, орманшыларға арналған 17 мотоцикл, 60 рация және төрт УАЗ автокөлігі бар.
– Өткен жылмен салыстырғанда арқарлардың көбейгені байқалды. Жануарлардың қозғалысы кітабы бойынша биыл бес жүзден астам тау қойын санадық. Биыл олардың саны көбейгені байқалады. Екі төлді дүниеге әкелетін арқарлар да бар. Браконьерлерден үнемі қорғау шаралары арқарлардың арасында алаңдаушылық факторы азайғанын білдіреді. Ұлттық саябақта тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетін боламыз, – дейді Аждар Жүсіпов.
Биыл облыс бойынша 760 бас арқар есепке алынған. Баянауыл ауданы аумағындағы Қызылтау қорығы (шекара бойында), Әулие, Рақыш, Бабайтау, Айыртас, Мұрынтал және Жайма учаскелерінде арқарлардың санағы жүргізілген.
Айта кетерлігі, бір арқарды атқаны үшін 6 мың АЕК-ке дейін, яғни 18 миллион 378 мың теңге айыппұл қарастырылады немесе үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Әсия Серікова