Павлодар облысында 30-дан астам мектеп күрделі жөндеуден өтті
Алдағы уақытта 100-ден астам мектепке жөндеу жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылы облыстың 33 мектебінде күрделі жөндеу жүргізілді. Балалардың жайлы және жабдықталған сыныптарда білім алулары үшін барлық жағдай жасалған.
Аймағымыздың барлық мектебі оқушыларды қабылдауға дайын. Мерзімдері бойынша артта қалу қаупі бар Павлодар қаласының №2, 5, 14 мектептерінде, сондай-ақ Хмельницкое ауылы мен Жаңаауыл кентінде де жұмыстар аяқталды.
Айта кету керек, алдағы жылдары өңір басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша жөндеуді қажет ететін өңірдегі 137 мектепке жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Биыл облыста 12 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп партасына отырады.