Павлодарда білім берудің өзекті заманауи трендтері талқыланды
А.Бөкейханның мектеп-лицейі базасында сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы үшін білім берудің өзекті тақырыбы мен заманауи трендтерін іске асыру «Білім беру сапасын арттыру мақсатында эмпатия мен оқушылардың сезімін тәрбиелеу, эмоциялық интеллект арқылы үйлесімді тұлғаны дамыту» тақырыбындағы сараптамалық бағалаудың мәні болды.
Сараптамалық кеңеске «Өрлеу» ӨИК Павлодар облысы бойынша филиалының директоры, педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының басшысы, бөлім әдіскерлері, қаламыздағы 43 мектеп басшысының орынбасарлары қатысты.
Кеңес бағдарламасы тәжірибеге бағдарланған сипатта болды.
Пленарлық коуч-сессия аясында ғылыми жетекші, қауымдастық профессорлары тарапынан мектеп-лицейдің оқу-тәрбие үрдісінде бар білім берудің өзекті трендтері таныстырылды.
Мектеп басшысы мектепті дамыту бағдарламасының өзекті нәтижелерін таныстырды.
Сондай-ақ, іс-шарада жобалық қызмет арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары туралы презентация көрсетілді.
Практикалық сессия барысында қатысушыларға педагогтардың сабақтарына, шеберлік сыныптар мен эксперименттік алаңдарға қатысуға мүмкіндік берілді.
Сараптамалық кеңестің соңында мектептің шығармашылық ұжымдары сөз сөйледі.
Айта кетейік, сараптамалық кеңес отырысында рефлексия барысында қатысушылар инновацияларды дамыту және енгізу бағдарламасын іске асырудағы мектептің практикалық нәтижелерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, тәжірибені облыстық және республикалық деңгейде тарату бойынша ұсынымдар берілді.