Павлодар облысында 12 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп партасына отырады
Облыс әкімі Асайын Байханов Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Құрметті оқушылар мен студенттер, педагогтар мен ата-аналар! 1 қыркүйек – бұл оқитын және білім беретін кез келген адамға қымбат мереке. Мұғалімдер үшін бұл өз оқушыларымен кездесудің қуанышы және оларға таңғажайып білім әлемін ашу мүмкіндігі. Балалар үшін – бұл маңызды жұмыстың, достармен қарым-қатынастың, табыстар мен жаңалықтардың жаңа кезеңі, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Биыл облыста 12 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп партасына отырады.
– 1 қыркүйекті бірінші сынып оқушылары ерекше асыға күтеді. Күнделікті қажырлы еңбекпен өңіріміз бен еліміздің болашағын қалайтын біздің ұстаздар өскелең ұрпаққа қиындығы мен қызыққа толы әлемді тануға көмектеседі, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыс әкімі мұғалімдер мен ата-аналарға кәсіби табыс, ал барлық оқушылар мен студенттерге сәттілік тіледі.