Павлодар облысында амнистия бойынша алғашқы екі сотталған босатылды
Сот «Амнистия туралы» заңға сәйкес оларды жазадан босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, №46 мекемеде өткен сот отырысының қорытындысы бойынша екі сотталғанды жазасын толық өтеуіне байланысты босату туралы шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Амнистия туралы» заңына Мемлекет басшысы 2026 жылғы 2 шілдеде қол қойған болатын.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде заң күшіне енгеннен кейін амнистияға жататын сотталғандарға қатысты қажетті материалдар қысқа мерзімде әзірленіп, сотқа жолданған.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде амнистияны іске асыру жұмыстары жалғасуда. ҚАЖ департаменті сот органдарымен бірлесіп, заң талаптарына сәйкес барлық материалдың уақтылы қаралуын қамтамасыз етіп жатыр.