Павлодар облысында газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны анықталды
Жарысқа барлығы 21 команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың қалалық және аудандық бөлімшелерінің арасында газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны атағына жыл сайынғы спартакиада өткізілді. Қызметкерлер өздерінің физикалық және психологиялық дайындықтарын, төзімділігін, өрт-техникалық қару-жарақ пен техникамен жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын көрсетті.
Жарыстың негізгі мақсаты өрт сөндіру бөлімдерінің газ-түтін қорғаушыларының әртүрлі жағдайларда әрекет ету қабілеттерін тексеру болды.
Спартакиада сегіз кезеңнен тұрды, өрт сөндірушілер жылдам және қатесіз кедергілерден өту керек болды. Қатысушылар кедергілерді – қоршауды еңсерді, резеңке шиналардан тұратын туннельден, металл туннельден, психологиялық кедергілер жолағынан, лабиринттен өтті. Шиналарды жиектеумен күресіп, төртінші қабатқа баспалдақпен көтерілді, терезе арқылы төртінші қабатқа жүкті алып шықты.
Соңғы тапсырмада автоцистернадан РСК-50 оқпанын қолдана отырып, қанат жаю қажет болды. Өрт сөндірушілер шынайы өрт немесе төтенше жағдайлар кезінде тап болатын іс-әрекеттерді орындай отыра, қызметкерлердің кәсіби, физикалық және психологиялық дайындығын арттыруға үлкен септігін тигізді.
Спартакиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 1-МӨСБ командасы, екінші орынды - 4-ӨСБ командасы және үшінші орынды 5-ӨСБ командасы иеленді.