Павлодарда автобус паркі жаңартылады
Алты бағыт бойынша көліктер саны артады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бүгін Павлодар қаласының әкімдігі мен «Павлодар автокомбинаты» ЖШС арасында жолаушы тасымалдаушы автобустарды жаңарту бойынша меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында жыл соңына дейін жоғары класты 20 автобус сатып алу жоспарлануда. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін тағы 15 автобус алу көзделген. Автобустар № 1, 1э, 2, 9, 18, 27 бағыттарда жұмыс істейтін болады.