Павлодар облысында күнбағыс майының бағасы сәл өсті
Республика бойынша баға орташа деңгейде тұрақтауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сараптамалық порталының мәліметінше, Қазақстанда күнбағыс майын өндіру көлемі бес жыл бойы тұрақты өсім көрсетіп келеді. Биылғы қаңтар-қазан айларында отандық кәсіпорындар 622 мың тонна күнбағыс майын өндірді. Бұл көрсеткіш өткен сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайызға жоғары.
Күнбағыс майына деген сұраныс та артып отыр. Биыл қаңтар-маусым айларында әрбір қазақстандық орта есеппен жеті литр күнбағыс майын тұтынған. Бұл өткен жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 1,7 пайызға көп. Ал бір жыл бұрын, керісінше, тұтыну деңгейі 2,1 пайызға төмендеген болатын.
Облыста күнбағыс майы бір жылда 19 пайызға қымбаттап, жалпы республикалық орташа деңгейге жақындады. Ең жоғары баға өсімі Қарағанды облысында – 34,2 пайыз, Ақтөбе облысында – 33 пайыз және Ұлытау облысында – 33 пайызды құрады. Ең төмен өсім Астанада – 16,9 пайыз, Түркістан облысында – 18 пайыз және Ақмола облысында 18,7 пайыз болды.
Шаһарда күнбағыс майының орташа бағасы шамамен 820 теңгені құрады. Ең қымбат күнбағыс майы Жезқазғанда – 945 теңге, Ақтауда – 908 теңге, Алматыда – 903 теңге, Астанада – 901 теңге және Қонаевта 900 теңге болды. Ең қолжетімді баға Түркістанда – 769 теңге, Шымкентте – 773 теңге және Көкшетауда 792 теңге деңгейінде қалыптасты.