Павлодарлық ақын халықаралық байқауда топ жарды

Павлодарлық ақын халықаралық байқауда топ жарды
Фото: Айбек Оралхан

Астанада өткен 28 халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі биыл да жаңа есімдерді танытты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қатысушылар поэзия, музыка, бейнелеу өнері және креативті индустрия бағыттары бойынша бақ сынады. Еліміздегі ең ауқымды мәдени шаралардың бірі саналатын бұл фестиваль жас таланттарды қолдап, олардың кәсіби дамуына жол ашады. 18-35 жас аралығындағы шығармашыл жастар үшін «Шабыт» – тәжірибе жинап, жаңа байланыстар орнататын маңызды шығармашылық алаң.

Поэзия номинациясында Ертіс-Баян өңірінің жас ақыны, «Ертіс Медиа» ЖШС қарасты Aiqara.kz ақпараттық агенттігінің әдеби редакторы Еламан Қабділәшім жүлделі екінші орынға ие болды.

Жыл сайын жас өнерпаздарға жол ашатын «Шабыт» фестивалі қазақ мәдениетінің дамуына серпін беріп келеді.