Асайын Байханов: Ауылды жерлерде мәдениет үйлері жұмыс істемейді

Асайын Байханов: Ауылды жерлерде мәдениет үйлері жұмыс істемейді
Фото: Константин Шелков

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Тілектес ауылының клубында өткен Аққулы ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аққулы ауданы Шақа ауылдық округінің тұрғыны, ауылдық кеңестің мүшесі Алтын Асаубаеваның айтуынша, туған ауылында барлық инфрақұрылымдық мәселелер шешілді. Мәселен, былтырғы жылы тас жолы салынды. Қазірде медициналық бөлім нысаны берілгелі отыр, халық ауызсумен толық қамтамасыз етілді, байланыс жүйесі бар, жұмыс жасауға толық жағдай жасалынды. Сондай-ақ, ауылға оңтүстік өңірден отбасылар көшіп жатыр. Бірақ ауылға мәдениет үйінің және ауылдық әкімшілік ғимараттың керектігін атап өтті.  

–  Халықтың саны – 500. Бірақ ауылымызда мәдениет үйі жоқ. Осыған орай, ауыл тұрғындарына, балалардың өнер көрсетуіне жағдай болса екен дейміз. Мәдениет үйі негізгі «Ертіс орманы» Бесқарағай филиалының негізгі ғимараты болып табылады. Осы мәселені негізге алсаңыздар. «Ертіс орманы» табиғи резерватының басшысына хат келіп түсті, мамандардың жұмыс жасайтын орындары жетіспегендіктен, сол алып отырған бөлмелерін босатуды сұрады, - дейді ол.

Бұл мәселеге қатысты Асайын Байханов ауылдық жерлерде әлеуметтік жағдайды жақсартуға жағдайлар жасалынып жатқанымен, ауылды жерлерде мәдениет үйлері жұмыс істемейтінін атап өтті. 

– Шындықты айту керек. Мәдениет үйлері салынады, халық көп болса жылына төрт-бес рет жиналады. Қалған уақытта жұмыс істемейді, – деді аймақ басшысы.

Оның сөзінше, 1000-ға жуық Шарбақты ауылында да мәдениет үйі жоқ. Алдағы уақытта  мәдениет үйінің салынуы көзделуде. 

– Сол себепті бірінші кезекте бұл сұрақты шешемін деп айта алмаймын. Халықтың саны, балалардың мектепте саны азаймайтын болса, соған қарай қарастырайық, – деді облыс әкімі.

Асайын Байханов Шақа ауылында мәдениет үйінің құрылысы 2025 жылдың жоспарына енгізілгенін атап өтті.