Павлодар облысында мамырда +30 градусқа дейін ыстық күтіледі

Павлодар облысында мамырда +30 градусқа дейін ыстық күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көктемнің соңғы айында жауын-шашын мөлшері аз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, бір айдағы орташа ауа температурасы +14,9...+15,8°С шамасында болады. Бұл – нормадан бір градусқа жоғары (норма: +13,4...+14,8°С).

Мамырдың басында түнде ауа температурасы 0...+5°С, ал солтүстікте, орталықта және шығыста 5°С-қа дейін үсік, күндіз +7...+12°С-тан +25...+30°С-қа дейін көтерілуі күтілуде. Онкүндіктің соңында сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +17...+22°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда.

Айдың ортасында ауа температурасы түнде +5...+10°С-тан +10...+15°С-қа дейін, күндіз +17...+22°С-тан +24...+29°С-қа дейін көтеріледі.

Мамырдың соңғы апталарында түнде ауа температурасының біртіндеп +10...+15°С-тан +2...+ 7°С-қа дейін төмендеуі күтілуде, облыстың шығысында 3°С үсік жүреді. Ал күндіз +24...+29°С-тан +10...+15°С-қа дейін, облыстың оңтүстігінде +18°С жылы болады. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде +7...+12°С-қа дейін, күндіз +18...+23°С-қа дейін көтерілуі күтіледі. 

Бір айда жауын-шашын мөлшері нормадан аз түседі. Облыстың солтүстік-батысында нормаға жақын болады (норма: 20-30 мм).

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жиі жел соғады. Шаңды дауыл үшінші онкүндіктің басында болжанады.