Павлодар мектептері министрлік жобаға қатысады

Павлодар мектептері министрлік жобаға қатысады
Фото: Константин Шелков

Курс алты айға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы білім басқармасының Instagram-аккаунтында хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Білім министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Astana hub» халықаралық технопаркімен, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтарға арналған бағдарламалау негіздері бойынша онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты.

Еліміздің 300 мұғалімі мен жаттықтырушысы «Жасанды интеллект» және «Game Development» атты екі бағыт бойынша оқытылады.

Айта кетейік, Павлодар облысында пилоттық жобаға бес мектеп қатысады: Екібастұз қаласының №4 ЖОМ, Павлодар қаласының С. Торайғырова атындағы ЖОМ, Ахмет Байтұрсынов атындағы инновациялық үлгідегі ЖОМ, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі, және Ақсу қаласындағы Абай атындағы ЖОМ.